Астанада экомешіт ашылды

11 Мамыр 2018, 12:54
0
Астанада экомешіт ашылды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Астанада жаңа мешіт ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Культты нысандар қалаға қажет. Бұл мешіттің стилі тым ерекше. Меніңше бұл постмодернистік стиль. Ең басты ерекшелігі - жасыл технология. Мешіт күн сәулесі арқылы жұмыс істейді, өзін-өзі жарықпен қамтып, қалаға да электр энергиясын бере алады. Ол өзін-өзі толықтай қамтамасыз етеді", - деді Дін істер және азаматтық қоғам минситрі Дархан Кәлетаев мешіттің ашылу салтанатында. 

Қазақстанда 2600 мешіт бар, ал Астанада бұл тоғызыншысы. Кәлетаевтың айтуынша, бұл мешіттің дизайны дін қағидаларын бұзбайды. 

Ақ түсті оюлармен әспеттелген күмбез астындағы кішкене терезелерден түскен шуақ үш бұрышты порталдардың бейнесімен өзара үйлесім тауып, маржан тастарының көрінісіне енеді. Мешіттің ішкі сәнін келтіріп тұрған да осы көрініс. Заманауи стильде салынған мешіт ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріліп, озық үлгідегі құралдармен жабдықталған.

Күмбезінің диаметрі - 26 метр. Үш бұрышты еңкіш қабырғалар мен күмбездің сыртқы келбеті ою-өрнектермен әспеттелген. Мешіт ғимаратының жалпы алаңы 2248 шаршы метр. Мешіт орналасқан жердің көлемі - 1,44 гектар. 

Мешіт ауласына жылу-жарық көзін пайдалану мақсатында күннен энергия алатын қондырғылар орнатылған. Бұл қондырғылар мешіттің жылу-жарығына пайдаланатын мөлшерден үш есе көп қосымша энергия қуатын өндіреді.

Мешіт ғимаратының солтүстік жақтауына орналасқан "қалам" келбетінде тұрғызылған мұнараның биіктігі 43,5 метр.

Ырыскелді қажы мешіті 750 адамға арналған. Бас имам - Яхия қажы Исмаилов. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай