Астанада ер адам тұрғындарды жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп алдаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ер адам тұрғындарды жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп алдаған Көрнекі сурет: zi.ua

Астанада алаяқ жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада алаяқ жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.

"Ол өзін ұлттық компания қызметкерімін деп таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған", - деп жазылған хабарламада.

16 азаматты алдаған елорда тұрғынына сот үкімі шықты. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети