Астанада оқу жылы кеш басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты.
Астанада оқу жылы кеш басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты.
"Астана жайлы айтар болсақ, EXPO-2017 көрмесіне байланысты шын мәнінде жол-көлік желісінде жоғары қысым болуы мүмкін деген болжам бар. Елорданың білім басқармасы "Алғашқы қоңырауды" 1 қыркүйекте әдеттегідей өткізсе де, оқу жылын 12 қыркүйекте бастау туралы ұсыныс айтты", - деп түсіндірді Суханбердиева.
Вице-министр елдің әрбір қаласы оқу жылының қашан басталатынын өзі шеше алатын құқығы бар екенін еске салды. ҚР БҒМ республика деңгейінде ғана бұйрық бере алады. Сондықтан оқу жылының мерзімін өзгерту туралы шешімді Білім басқармасы елорда әкімдігімен бірлесе шешеді екен.
"Бастауыш сыныптарды қарастырып көрдік, қанша қосымша күн шығатынын есептедік. Бастауыш мектептерде бескүндік оқу болса - қосымша бес күн қажет болады, ал жоғары сыныптарға қосымша 8 күн қажет. Ал олардың тақырыпты қайталауын қалай жүргізетіні қарастырылып жатыр, әзірше бұл мәселе талқылау кезеңінде", - деді вице-министр.
Еске салайық, EXPO-2017 көрмесі биыл 10 маусымда басталып, 9 қыркүйекте аяқталады.