Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде Астанадағы нысандардың қарқынды жүріп жатқанына таңғалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрылыс жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр, тіпті істің орындалу мерзімі белгіленген жоспардан жылдам. 25 жыл жұмысымда нысандардың құрылысы соншалықты жылдам әрі қажетті деңгейде жүргенін көрмеппін. Алдағы EXPO-2017 көрмесі табысты өтетініне сенімдімін", - деді Лоссерталес.
Мемлекет басшысы аталған жұмыстар қатаң кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанына тоқталды.
"Сіздің сапарыңыз әрдайым зор маңызға ие, өйткені ол бұдан арғы іс-қимылды реттеп, Қазақстан үшін аса маңызды іс-шараны өткізуге уақытылы дайындалуға мүмкіндік береді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысушылардың бірінші жиналысы ертеңге жоспарланып отырғанын хабарлады. Оған әлемнің түрлі елдерінен шамамен 140 өкіл қатысатын болады.