Астанада ЕХРО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ЕХРО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді

Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне бір жарым миллионыншы адам келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көрменің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне бір жарым миллионыншы адам келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көрменің ресми сайтына сілтеме жасап.

"2017 жылдың 24 шілдесінде сағат 12.58-де EXPO-2017 халықаралық көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 11 шілдеде  ЕХРО көрмесінде миллионыншы келуші тіркелген болатын.

Сондай-ақ, 17-23 шілде аралығында  EXPO-2017 көрмесіне  285 300 адамның келгені хабарланып отыр. Яғни, орта есеппен алғанда көрмеге күніне 40 757 адам келген. Көрменің алғашқы күндері күніне орта есеппен 23 мың адам келген. 10 маусым мен 23 шілде аралығындағы келушілердің саны  1 484 300-ге жеткен. 

Ал келушілер ең көп баратын павильондардың қатарында Африка, Мысыр және Индия елдері бар. Кейінірек тізімде Ресей, Түркия, Жапония, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Таиланд және Түрікменстан елдерін көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети