Астанада Ішкі әскерге қарасты казарма өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Ішкі әскерге қарасты казарма өртенді Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Астананың Алматы ауданында ҚР ІІМ Ішкі әскеріне қарасты № 6636 әскери бөлімінің казармасы өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. "28 қаңтар күні сағат 19.31 шамасында Досмұхамедұлы көшесі, 2-үйде орналасқан казарманың екіқабатты ғимаратының жертөлесінде заттар өртенді.Өрт 19.48-де ауыздықталып, 19.58-де залалсыздандырылды", - делінген ведомствоның хабарламасында. Төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 25 қызметкері сөндірді. 9 техника жұмылдырылды. Қаңтардың 28-і күні сондай-ақ, Ақмола облысындағы Макинск қаласында "Қазавтожол" кәсіпорны филиалы ғимаратының шатыры өртенді, жалын 100 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Ал Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында "Қазақмыс" корпорациясына қарасты Артемьев кенішінде ғаша құрастырмалардан тұрғызылған нысан отқа оранды. Тілсіз жау бір тәулікке созылды. Жұмысшылар аман, бірақ осы оқиғаның салдарынан кеніште жұмыс уақытша тоқтатылды. Өрт 125 шаршы метрді шарпыған. Солтүстік Қазақстан облысында бір саунаның шатыры өртеніп кетті, нысанның 600 шаршы метрі жанған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Еске сала кетейік, қаңтардың 27-сі күні Қарағанды қаласында тергеу изоляторының қоймасы өртеніп кеткен еді. Зардап шеккендер жоқ, төтенше оқиға кезінде ғимараттағы 142 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети