21 қыркүйек 2016 17:06

Астанада жалпықалалық сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елордада жалпықалалық сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Елордада жалпықалалық сенбілікте 7 мыңға жуық ағаш отырғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

12 қыркүйектен 12 қазанға дейін елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі. 24 қыркүйекте "Астана - таза қала!" жалпықалалық сенбілігі ұйымдастырылады.

Жалпықалалық сенбілік аясында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен 7000 ағаш отырғызу жоспарланған, соның ішінде "Алматы" ауданында ҚР Ұлттық музейі аумағына, "Есіл» ауданында - "Хан Шатыр" СОО айналасына, сондай-ақ, Еңбекшілер көшесінен "Тельмана" тұрғын алабына дейін, "Сарыарқа"  ауданында -Сарыбұлақ өзенінің жағалауына ағаштар егіледі.

Сонымен қатар, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің, кәсіпорындар мен тұрғын үй кешендерінің аумағына да ағаштар отырғызылады. Жалпықалалық сенбілік аясында Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында "Таза өзендер!" экологиялық шарасы өтеді. Есіл өзені "Газмашаппаратура", "Қартар үйі" ("Көктал-1" ш/а), Ақбұлақ өзені - Еуразиялық университет корпусынан ЖЭО-2 дейін, Сарыбұлақ - "Бахус" сауда үйінің аумағында тазартылады. 

Экологиялық айлық аясында көшелер, тротуарлар мен орамішілік аумақтар тазартылады, ағаштар отырғызылып, нөсер мен арық кәріз жүйелері тазаланады, сондай-ақ, саябақтар мен гүлбақтарда жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі, гүлзарлар абаттандырылады.

24 қыркүйекте жалпықалалық сенбілікке 89 мыңнан астам адам шығады, оған қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар, медицина және білім мекемелері қатысады, сондай-ақ, 429 жуық техника тартылады.

Апта сайын "Көше көркі - Астана көркі", "Қоршаған ортаны аялайық!", "Астана - әсем қала!" ұрандарымен халықтың, өндірістік кәсіпорындардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастыру бойынша шаралар өтеді.

Елорда тұрғындары мен ұйымдары аулалар мен көшелерді абаттандыруға үлес қоса алады. 

Айта кетейік, осыған дейін Астана маңында екі миллионға жуық көшеттің отырғызылғаны хабарланған болатын. "2009 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келгенде елорданың жасыл белдеуін орманға айналдыру міндетін алға қойды. Сол кезде жасыл белдеуді жасаудың екінші кезеңі басталды. 2012-2016 жылдары аралығында 1,5 мың гектар және 3 мың гектар аудандарда жобаның екі кезегін игердік. 1 миллион 846 мың 560 көшет отырғызылды, соның ішінде 56пайызы қылқан жапырақты және 44 пайызы жапырақты ағаштар", - деді "Астана Орманы" директоры Маулен Самамбетов. Келесі жылы жобаның үшінші кезегі қолға алынбақ, ол Астана әуежайының аумағын да қамтиды, екі жылға жалғасатын жұмыстар 429 гектар ауданда жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети