02 мамыр 2017 | 12:53

Астанада жаңа бірыңғай такси қызметінің бағасы қандай болатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі © Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Астанада "ZHeBe" брендімен қызмет көрсететін "TAXI ZHeBe" ЖШС мен "ЭКО такси" брендімен қызмет көрсететін "Автотранс Хозу" ЖШС - на "ASTANA TAXI" Инвестициялық жоба аясында 100 жаңа такси-көліктерінің кілті табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада "ZHeBe" брендімен қызмет көрсететін "TAXI ZHeBe" ЖШС мен "ЭКО такси" брендімен қызмет көрсететін "Автотранс Хозу" ЖШС - на "ASTANA TAXI" Инвестициялық жоба аясында 100 жаңа такси-көліктерінің кілті табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның басты мақсаты - Астана қаласында "ASTANA TAXI" бірыңғай такси қызметін енгізу, соның ішінде заңды автотасымалдаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бүгінде жоба аясында қосымша 200 дана автомобильді іске қосуға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай ақ, EXPO көрмесінің қарсаңында қала жолдарына тағы 300 жаңа автокөлік пен қолданыстағы таксомоторлы компаниялардың 300 көлігі шығады. Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, алғашқы үш шақырым - 500 теңге, ал қалған шақырымдар 100 теңге болады. Мысалы, қалалық әкімдіктен  MEGA SilkWay кешеніне дейін жету үшін жолаушы шамамен 1000 - 1 100 теңге төлейді.

Жобаның екінші кезеңі және қосымша қызмет көрсету түрлері қыркүйек айына дейін іске қосылады. Бұл қосымша тағы 300 автокөлік. Жолаушылар үшін "тегін WI-FI" қызметі ұсынылады.

Сонымен қатар, әкімдіктілер бұл такси қызметінің ерекшеліктері жайлы айтып берді. "Қалалық және мобильді байланыс арқылы 15800 нөмірі арқылы қосылуға мүмкіндік беретін бірыңғай CALL Center; барлық автокөлік бір стильде безендіріледі; такси шақыру үшін ыңғайлы ASTANA TAXI қосымшасы; әрбір таксиде таксометрдің болуы және ол таксилерде карточкамен төлем жасау үшін POS терминалы болады.

Жоба такси компанияларының жеке инвестиция есебінен қаржыландырылады. Айта кетейік, ASTANA TAXI жобасының техникалық қосылуы 7 мамырға жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети