Астанада жаңа камералар жол ақысын төлемегендерді анықтайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жаңа камералар жол ақысын төлемегендерді анықтайды Фото: instagram.com/cts_kz

Астанадағы қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемегендерді түсіретін жаңа камералар пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемегендерді түсіретін жаңа камералар пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"City Transportation Systems" ЖШС "Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі" инновациялық жобасын енгізуді көздейді. Жобаның мақсаты – жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, жолақысын төлеуден жалтаратындар санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.

"Осы ретте, жобаның пилоттық кезеңі аясында, 2 мамырдан бастап № 24 бағдардың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер мен борттық компьютер орнатылды. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушыларды есептейді және төлем деректерін салыстырады. Бұл бағдардағы жол ақысы ең көп төленбейтін уақыт пен учаскелерді дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ақпарат жедел түрде CTS-тің көліктік бақылау департаментіне жолданады", - делінген хабарламада.

Жаңа бейнебақылау іске қосылған күннен бастап жүйе бір автобуста билетсіз жол жүрудің 2 мыңнан астам жағдайын анықтаған. Пилоттық жоба болғандықтан жолаушыларға айыппұл салынбайды.

Жобаның толық іске қосылуы мен іске асырылуы туралы CTS қосымша хабарлайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети