Астанада жаңа үлгідегі ақылы автотұрақтар пайда болады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жаңа үлгідегі ақылы автотұрақтар пайда болады Фото:gov.kz

Астанада ақылы автотұрақ жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек депутаттық сауалға ресми жауабында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ақылы автотұрақ жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек депутаттық сауалға ресми жауабында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада шлагбаум орнатылған жаңа үлгідегі ақылы тұрақтар пайда болады. Мұнда көліктің кіріп-шығуын автоматты түрде тіркейтін бейнебақылау камералары орнатылады. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі - минуттық төлем. Яғни жүргізушілер нақты тұрақта тұрған уақыты үшін ғана төлейді.

Сонымен қатар, коммуналдық ашық тұрақтарға да заманауи камералар мен төлем жүйелері орнатылмақ, бірақ бұл инфрақұрылым сай келетін жерлерде ғана іске асады.

Жаңа жүйе қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуді көздейді. Барлық төлем мен айыппұл қала бюджетіне түсетіні айтылды.

Алдын ала белгіленген тарифтер:

  • Шлагбаумы бар тұрақтарда – сағатына 300 теңге;
  • Ашық коммуналдық тұрақтарда – сағатына 100 теңге.

Қолданыстағы мобильді қосымша жеке компанияға тиесілі. Қазіргі уақытта онымен жасалған келісімшартты бұзу процесі жүріп жатыр. Кейіннен тұрақтарды басқару толығымен қала әкімдігіне өтеді және жаңартылған минуттық төлем жүйесі ресми түрде енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети