"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 14, 15 және 16 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
14 шілде көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрып, шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +37...+39 градус аптап болады.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 14 шілде Астанада осы жаздың ең ыстық күні болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
15 шілдеде көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +35...+37 градус аптап болады.
16 шілдеде көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
14 шілде көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел шығыстан 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +32...+34 градус болады.
15 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +34...+36 градус аптап болады.
16 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +36...+38 градус аптап болады.
Қазақстанға көптен күткен салқын келеді, бірақ барлық өңірге емес
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. 15-16 шілдеде солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркіреп, температура +25...+30 градусқа дейін төмендесе, оңтүстікте +40...+45 градусқа дейінгі төтенше ыстық сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.