Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды © pixabay.com

Синоптиктер Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласында 8 ақпанда түнде 35-37 градус қатты аяз сақталады.

8 ақпанда түнде Ақмола облысында 35-40 градус қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

8-10 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман; 9-10 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады.

8 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Таңертен және күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 8 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстіктен соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети