Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Сондай-ақ бірнеше бірнеше өңірде жолдар жабылды.
Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Сондай-ақ бірнеше бірнеше өңірде жолдар жабылды.
18-20 ақпанда Астанада боран соғып, көктайғақ болады, оңтүстік және оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
18-20 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, оңтүстік және оңтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
18, 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші секундына 18-23 метр күтіледі. Орал қаласында 18, 19 ақпанда бұрқасын, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан секундына 18 метр желдің күшеюі күтіледі.
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің мәліметінше, 17 ақпанда Алматы облысында сағат 01.00-ден бастап "Сарыөзек-Көктал" тас жолының учаскесі, Қызылжар ауылынан Басши ауылына дейін 15-80 шақырым, автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық. Сағат 09.00-ден бастап Үшарал қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін 558-615 шақырым "Алматы-Өскемен" тас жолының учаскесі жабық.
ШҚО-да 17 ақпанда 09.10-нан бастап Алматы облысының шекарасынан Таскескен кентіне дейін 615-683 шақырым "Алматы-Өскемен" тас жолының учаскесі жабық. 10.15-тен бастап Қалбатау ауылынан Аягөз қаласына дейін 967-778 шақырым жерде "Алматы-Өскемен" тас жолының учаскесі жабық.