Ертең Астанада және Қазақcтанның үш облысында жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Ертең Астанада және Қазақcтанның үш облысында жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
27 сәуірде таңертең және күндізгі уақытта Астанада оңтүстік және оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95 пайыз.
27 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз кей жерлерде найзағай болжанады.
Ал Қостанай облысында 27 сәуірде тәулік бойы жел соғады, күндіз аймақтың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с; кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 27 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.
Петропавл қаласында күндіз 27 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
Осыған дейін синоптиктер 26-28 сәуір күндері күндері елімізде жауын-шашынның тоқтайтынын хабарлаған болатын.