Астанада "Жапон қуыршағы" деген атпен көрме өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұңғыш Президент мұражайына сілтеме жасап.
Астанада "Жапон қуыршағы" деген атпен көрме өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұңғыш Президент мұражайына сілтеме жасап.
"Мамыр айының 21 күні сағат 17.0-де Тұңғыш президент мұражайында "Жапон қуыршағы" атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Көрме Жапон елшілігі мен мұражайдың "Мәдениеттер диалогы" халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылмақ", делінген хабарламада.
Қуыршақтар (жапон тілінде "нингё") жапонның мерекелік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.Қуыршақ жасау күншығыс елінде өз бастауын Дзёмон кезеңінен алады.Әрбір аймақтың қуыршақ жасауда өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. 1936 жылы қуыршақ жасау ресми түрде өнер мәртебесіне ие болған. Ал 1955 жылдан бастап бұл өнерді меңгергендер "Ұлттың тірі қазынасы" деген құрметті атағын иеленетін болды. Жапон қуыршақтары алуан түрлі болуымен бірнеше жүз жылдықтардан бері күншығыс елінің күнтізбесінде маңызды ұлттық мереке ретінде ерекшеленеді.
Жыл сайын үшінші наурызда Жапония Хина мацури мерекесін тойлайды. Бұл күн қуыршақ мерекесі немесе қыздар күні болып табылады. Бұл күні әрбір отбасы, қызы бар шаңырақ "хина нингё" - ерекше қуыршақ көрмесін ұйымдастырады.
Қуыршақсыз мереке ұл балалар күні - Кодомо-но хи (балалар күні), мамырдың бесінде тойланады. "Балалар күнінің" алдында жапон отбасылары үй алдында алуан түсті жалашалар тұқы балығының формасында ілініп, олардың саны үйдегі ұлдардың санына қарай белгіленеді. Жапонияда тұқы балығы ерлік пен өмірге төзімділіктің белгісі болып саналады. Арнайы сөреде жасыл шұғамен жабылып, қуыршақтар шығарылып қойылады. Бұл қуыршақтарда самурайлар бейнесінде беріледі. Дәстүрмен тәрбиелеу ерлікке, міндетке адал, батыл болуға жетелейді деп саналады. Барлық қуыршақтардың бетінде өзінің бейнесімен қатар, мінезі беріледі және әрқайсының тарихы бар. Бұл күні ата-аналар құлшылық қылып, ұлдарының денсаулығымен қатар күшті болып өсуін тілейді.
"Жапон қуыршақтары" жәдігерлерінің көрмесі көптеген тарих туралы баяндап, ертегі әлеміне бергісіз және жапондардың мерекелік мәдениетіне жетелейді. Көрмені тамашалаушыларға Жапонияда неліктен қуыршақтар сурет өнерінің жоғары бағасына ие екендігін ұғынуларына мүмкіндік бар. Аталған көрме мамыр айының отызына дейін жалғасады.