19 ақпан 2014 12:26

Астанада жәрдемақы 16 пайызға көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ағымдағы жылы сәуірдің 1-інен бастап Астанада балалардың әлеуметтік жәрдемақылары 16 пайызға көтеріледі, деп Tengrinews.kz хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке сілтеме жасап. "Президенттің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы сәуірдің 1-інен бастап мемлекеттік төлемақылар 12 пайызға көтеріледі. Елорданың деңгейінде біз бұл бастаманы тағы бір шарамен бекітуді жөн көрдік. Осылайша, сәуірдің 1-інен бастап балалардың әлеуметтік жәрдемақылары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің көлемі орташа есеппен 16 пайызға көтеріледі", - деп атап көрсетті бүгін И.Тасмағамбетов халық алдындағы кездесуі кезінде. Әкімнің хабарлауынша, бүгінде Астанада 3,9 мың адам аталған әлеуметтік көмекті алады. Айта кеткен жөн, бұған дейін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақының көлемін 12 пайызға көтеруге тапсырма берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети