Астанада жасөспірім алаяқтық схемасын ойлап тапқан: 20-дан аса адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жасөспірім алаяқтық схемасын ойлап тапқан: 20-дан аса адам зардап шекті Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған

20-дан астам адам кәмелетке толмаған баланың алаяқтық схемасынан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20-дан астам адам кәмелетке толмаған баланың алаяқтық схемасынан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредиттерді ресімдеу жоспарын әзірлеген.

"Жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген.

Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының 22 пайыз, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10 пайыз түріндегі сыйақы үлесін алатындарын айтып алдаған. Осылайша, кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11 миллион теңгеден аса ақшалай қаражатын жымқырған", - делінген хабарламада.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады.

"Барлық ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны сотта дәлелденді. Сот үкімі бойынша, жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды".

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети