Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2017 жылы бірқатар іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2017 жылы бірқатар іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы "Әлем" еріктілер орталығымен біріге отырып "Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру" тақырыбында студенттермен жыл бойы кездесулер өткізді. Жоғарғы оқу орындары қатарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ технология және бизнес университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Астана медициналық университеті бар, сонымен қатар, әскери борышын өтеп жатқан борышкерлер арасында да үгіт-насихат шаралары өтті.
Кездесуге спикер ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің IV және V шақырылым депутаты Соловьева Айгүл Сағадибекқызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі Камалдин Жақпаров, "Нұр Отан" партиясының "Бірлік" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов және тағы да қоғам қайраткерлері шақырылды.
Спикерлер сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, инвестициялар тарту мәселелерін тежейтінін, нарықтық экономиканың құрылымына келтіретін орасан зор кедергілері жайлы айтып қана қоймай, көрнекі әлеуметтік роликтер, презентациялар көрсетті.
Кездесу қызықты әрі нәтижелі болуы үшін аудитория билік және өмір сүру шарттарына наразы халық болып екіге бөлініп, дебаттар өткізді. Бұл еліміздегі маңызды мәселелерді, сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін жағдайларды анықтауға, оны шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді. Дебат жеңімпаздары кубоктар және грамоталармен марапатталды.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясыаясында шаралар кешені әлі де жалғасып келеді. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастар арасында аталмыш тақырыпты кеңінен тарату жоспарлы түрде іске асып жатыр.