Астанада жаяу жүргіншілер жолы опырылып, қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жаяу жүргіншілер жолы опырылып, қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен Фото: t.me/myastanacity

Астанада жаяу жүргіншілер жолындағы тастар опырылып, қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жаяу жүргіншілер жолындағы тастар опырылып, қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жолдың ортасындағы шұңқырың суреті пайда болды. Оқиға Керей, Жәнібек хандар көшесі, 18 мекенжайында, "Қобыз сарайының" маңында болған. Пабликтердің мәліметінше, қыз жылап жіберген.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.

"Ауруханаға жеткізуден бас тартты. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – деп мәлімдеді Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ал "Астана су арнасы" мекемесі Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз екенін хабарлады:

"1000 миллиметрлік коллектордың үстінде тастар опырылып кеткен. Шұңқыр пайда болып, түбінде су жиналған.

Оқиға орнына дереу "Астана су арнасы" бригадасы жетті. Қазір қазу және техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай толық бақылауда. Оқыс оқиғаның себептері жұмыстар аяқталған соң белгілі болады", – деді мекеме өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети