09 сәуір 2014 16:00

Астанада жедел әрекет ететін әскери бөлім құрылатыны расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ренат Ташқынбаев ©Ренат Ташқынбаев

ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті Астанада жедел әрекет ету әскери бөлімі құрылатыны туралы ақпаратты растады деп хабарлайды Tengrinews.kz.


ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті Астанада жедел әрекет ету әскери бөлімі құрылатыны туралы ақпаратты растады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҚР ІІМ Ішкі әскерінің Астана қаласындағы жедел әрекет ету әскери бөлімі қала аумағындағы типтік әскери қалашықта белгіленген мерзімде қалыптасатын болады. Бөлімді толықтыруды әскери қызметшілер шақырылу және келісімшарт бойынша еркін негізде іске асырады", - делінген Ішкі әскердің баспасөз қызметінің Tengrinews.kz-ке қайтарған жауабында.

Өткен жылдың қазан айында Парламент Мәжілісінің депутаты Қайырбек Сүлейменов Астанада 2014 жылы Ішкі әскердің 2,5 мың қызметкерінен тұратын жедел әрекет ету бригадасы құрылатынын хабарлаған еді. Ол мұндай бастаманы Ішкі әскердің қолбасшысы болып тұрған кезінде көтерген және оны алғашқы премьерлік мерзімінде Кәрім Мәсімов қолдаған. Сүлейменов жедел әрекет ету бригадасының 2,5 мың адамының қоғамдық тәртіпті қорғауға атсалысатынын айтқан болатын. Сондай-ақ ол Ішкі әскер қызметшілерінің үздіксіз білім жетілдіруі тиіс екенін де мәлімдеген еді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети