23 маусым 2016 14:55

Астанада жоғалған қыздың ағасы іздестіру жұмыстарының қалай жүріп жатқанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балдырған Сыбанбаева © vk.com Балдырған Сыбанбаева © vk.com

Астанада жоғалып кеткен қыздың ағасы іздестіру жұмыстарына қатысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жоғалып кеткен қыздың ағасы іздестіру жұмыстарына қатысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалып кеткен 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның ағасының айтуынша, қызды іздеп жатқан полицейлер бір адамды ұстады.

"Олар (полиция қызметкерлері) оны менің көзімше полицияға жеткізді. Оны ұстады, жедел қызметкерлер үйін тексеріп шықты. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталған адамды да тергеп жатыр", - деді Балдырғанның ағасы Дәулет.

Сонымен қатар, Дәулет оның Петропавлдан Астанаға әкесімен бірге келгенін айтып отыр.  Қыздың анасы да Астанаға келеді. Айта кетейік, бұған дейін Балдырғанның жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Алайда, Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы іске байланысты адамның ұсталғаны туралы ақпаратты растамай отыр. Полицейлердің айтуынша, із-түссіз жоғалып кеткен қызды іздестіру жұмыстарына ІІД жеке құрамы жұмылдырылды. 

Балдырған Сыбанбаева. Vk.com парақшасынан алынған сурет

Айта кетейік, биыл 19 маусымда Астана қалалық ІІБ кезекші бөліміне Астана қаласының тұрғыны хабарласқан болатын. Ол 18 маусымда шамамен сағат 03.00-де оның туысы Балдырған Сыбанбаеваның "Ретро" түнгі клубынан шығып, қайта оралмағанын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети