2020 жылы жоғалып кеткен астаналық тұрғынның туыстары оның қайда екені туралы нақты ақпарат айтқан адамға үш миллион теңге сыйақы беруге дайын. Ақпарат QANAT еріктілер қозғалысының Instagram-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Армин Назар Ражұлы, 1996 жылы туған, 2020 жылдың 6 қазанында жоғалып кеткен. Шамамен 16:00-де Ғабдуллин көшесі 6/1 мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Белгілері: бойы 186 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр, оң көзінің астында меңі бар, арық денелі. Үстінде: сары жейде, сұр шалбар, сұр шұлық болған. Аяқ киімсіз шыққан.
Іздеушілердің айтуынша, жоғалған адам бағытын ажырата алмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!