Астанада жоғары дәрежеде ірі өрт сөндіріліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Елордалық өртсөндірушілер Алаш тасжолының бойындағы үш қабатты ғимараттардың бірінде өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық өртсөндірушілер Алаш тасжолының бойындағы үш қабатты ғимараттардың бірінде өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ командалық орталығында іс-қимылды үйлестіру үшін штаб құрылған.

"Сумен үзіліссіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Өртсөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт өршіп, қабатаралық жабын ішінара құлаған. Сөндіру жоғары өрт жүктемесі және қатты түтінмен күрделене түсті", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 07:10-да оқшауланды. Құтқарушылар жедел қабылдаған шаралар нәтижесінде өрт жақын орналасқан ғимараттарға тарамады.

"Айта кету керек, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған".

Астана ТЖД және ЖАО 165 адам, 62 техникасы жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети