24 маусым 2024 | 17:37

Астанада жоқ пәтерді жалға берген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдады деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

"Соталды тергеу барысында ер адам Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны белгілі болды. Ол шұғыл ақша қажет деп және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды. Бүгінге дейін алаяқтың қармағына түскен 9 азамат полицияға жүгінген", - делінген хабарламада.

Олардың бірі, 23 жастағы жәбірленуші, күдікті жіберген пәтердің фото-бейне жазбаларына сеніп, үйді көрместен 120 мың теңге ақшалай қаражатты алаяқтың шотына аударған.

Аталған деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети