Мемлекеттік тіркеу номері 135 ADM Mercedes-Benz жүргізушісі Асанәлі Беркінбаев Астанада қарсы бағыттағы жолға неге шығып кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, оқиға 21 маусымда Керей-Жәнібек хандар мен Еңбекшілер көшелерінің қиылысында болған. Жүргізуші бағдаршам алдында қарсы бағыттағы жолға шығып, алдында тұрған көліктен озған еді.

Ер адамның айтуынша, көлік салонында ҚР Президенті істері басқармасының қызметкері отырған. "Басқарушының кеңесшісі Мұратбек Рысбаев жол ережесін бұзуды сұрады. Оның кінәсінен қарсы бағытқа шығып кеттім, себебі ол кездесуге кешігіп жатты. Ол бұл іске өзі жауап беретінін айтты, ал полицейлер мені тауып алғаннан кейін өзгеріп шыға келді. Мені жұмыстан шығарып жіберді. 27 шілдеде сот болады, соған қарағанда мен жүргізу куәлігімнен бір жылға айырыламын. Менің екі куәлігім жоқ қой, мен отбасымды қалай асыраймын? Екі балам бар. Жеке көлігім де бар, куәлігімді алып қойса, оның не керек болады?", - дейді Беркінбаев.
Ал басқарушының кеңесшісі жол ережесін бұз демедім деп отыр. "Жүргізуші тізгінде отыр, ол жол ережесін бұза ма, жоқ па - өзі шешеді. Сондықтан бұл нағыз сандырақ. Аузына келгенін айтуы мүмкін. Алдында оған қатаң сөгіс те жарияланыпты", - деді Мұратбек Рысбаев.
Суретті куәгер жолдады