Астанада жол учаскелері жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жол учаскелері жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты жолдардың бірнеше учаскесі жабылады. Бұл туралы елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты жолдардың бірнеше учаскесі жабылады. Бұл туралы елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қабанбай батыр даңғылы бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты, 5 маусым сағат 21:00-ден бастап 6 маусым сағат 21:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 6 маусымда сағат 21:00-ден бастап 9 маусым сағат 6:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толық жабылатыны туралы хабарлаймыз.

"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсінікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети