Астанада жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады Фото: t.me/astanovka98

Астанада жолаушылар автобусы жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға салдарынан екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жолаушылар автобусы жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға салдарынан екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Ұлы Дала даңғылында болған. Автобус жол шетінде тұрған жүк көлігіне соғылған.

"Маршруттық автобустың жол апатына ұшырауына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус Ұлы Дала даңғылымен келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр," – деп мәлімдеді Астана ПД.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рульде мұқият болуға және жылдамдық режимін бұзбауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети