Астанада ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты шектеулер енгізілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ЖРВИ мен тұмаудың өршуіне байланысты шектеулер енгізілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

19 қараша, сәрсенбіде Астананың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айгүл Шағалтаева "Санитариялық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы" қаулыға қол қойды. Қаулы мәтіні Астана әкімдігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 қараша, сәрсенбіде Астананың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айгүл Шағалтаева "Санитариялық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы" қаулыға қол қойды. Қаулы мәтіні Астана әкімдігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, бірқатар шаралар енгізілді:

  • поликлиникалар мен стационарлардың жұмысын күшейту;
  • науқастарды оқшаулау;
  • қабылдау кабинеттерін кеңейту;
  • маска тағу режимін сақтау;
  • температуралық бақылау;
  • вирусқа қарсы препараттардың қорын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңге сыныптағы оқушылар санының 30 пайызы және одан да көбі ЖРВИ-мен сырқаттану тіркелген жағдайда оларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру, әр ауысым алдында "таңғы сүзгіні" жүргізу, жедел респираторлық ауру белгілері бар мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды, сондай-ақ педагогтарды сабаққа жібермеу, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтау шаралары қарастырылған.

"Эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ЖРВИ мен тұмауға қарсы іс-шараларды жалғастыру қажет", – делінген құжатта.

Соңғы аптада елордада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл 30 қазан – 5 қараша аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Науқастардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бірнеше тұмау штаммы айналымда жүр, оның ішінде A H3N2 (Гонконг тұмауы) бар. Бұл штамм аурудың ауыр өтуімен ерекшеленеді. Ауру жағдайларының күрт өсуі халық арасында алаңдаушылық туғызып, тұрғындар дәріханалардан вирусқа қарсы препараттарды жаппай сатып алып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети