Астанада жүкті әйелді құтқарған полицей қамауға алынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жүкті әйелді құтқарған полицей қамауға алынды видео кадры

Үш жыл бұрын жүкті әйелді құтқарып, марапат алған елордалық полицей Алмаз Құлтанов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш жыл бұрын жүкті әйелді құтқарып, марапат алған елордалық полицей Алмаз Құлтанов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алмаз Құлтановқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Айта кетейік, 2021 жылы 3 қыркүйекте елордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалған еді.

Полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызметте болған кезінде сағат 12.20 шамасында "Рамстор" СҮ ауданы маңындағы Есіл өзенінің көпірінен секірген әйелді көрген. Құлтанов ойланбастан оның артынан секірген. Ал кейін ІІМ басшысы жүкті әйелді суицид жасаудан құтқарған полицейлерді марапаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети