Астанада жұмыс күні мен мектеп сабақтарының басталу уақытын өзгерту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жұмыс күні мен мектеп сабақтарының басталу уақытын өзгерту ұсынылды © Тұрар Қазанғапов

Астанада жұмыс күні мен мектеп сабақтарының басталу уақытын өзгерту ұсынылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жұмыс күні мен мектеп сабақтарының басталу уақытын өзгерту ұсынылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Астана LRT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мониторинг жүргізіп, елордалық маршруттар мен көліктердің көше-жол желісіне үлкен салмақтың түскенін анықтады. Ол маршруттар мына мектептер орналасқан аудандар арқылы өтеді № 1, 3, 5, 6, 17, 31, 35, 38, 50, 53, 54, 56, 59, 60, 66, 70, 75.

"Мәселені шешу үшін жұмыс күні мен мектеп сабақтарының басталу уақытын өзгерту ұсынылды. Астананың білім басқармасы мектеп директорларына мектеп сабақтарын сағат 7.40-тан бастау туралы өзгерісті ата-аналармен талқылап, қарауды тапсырды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметіндегілердің мәлімдеуінше, қазіргі таңда "Астанадағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жұмыс уақытын өзгерту мәселесі де қаралып жатыр".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети