Астанада жүргізушілер жолда төбелес шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жүргізушілер жолда төбелес шығарды видео кадры

Астанадағы көшелердің бірінде екі жүргізуші төбелес шығарды. Оқиғаны жүк көлігімен өтіп бара жатқан куәгер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы көшелердің бірінде екі жүргізуші төбелес шығарды. Оқиғаны жүк көлігімен өтіп бара жатқан куәгер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Біздің оқырман Астанадағы жүргізушілердің төбелесін түсіріп алды. Абырой болғанда, басқа көлік жүргізушілері араласып, жанжалды тоқтатты. Қалай ойлайсыз, жолда неге агрессия көп? Осындай жағдайларға тап болып көрдіңіз бе?" – делінген видео сипаттамасында.

Кадрларда екі ер адамның бір-біріне соққылар жасап, жұдырықтасып жатқаны көрінеді. Төбелеске қатысушылардың бірінің жанындағы серігі оларды ажыратуға тырысады, бірақ сәтсіз. Кейінірек басқа жүргізушілер келіп, төбелесті тоқтатады.

Астана ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленованың айтуынша, құқықбұзушылар анықталып, "Нұра" аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылған. Оларға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жолданған.

Белгілі болғандай, жанжалдың себебі қарапайым – жүргізушілер жолды бөлісе алмаған. Елорда полициясы көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және жолдағы жанжалдардан аулақ болуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети