06 наурыз 2019 | 15:00

Астанада жыл басынан бері 15 адам ашық құдыққа түсіп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада жыл басынан бері 15 адам кәріз құдығына түсіп кеткен. Мәжіліс депутаты Сергей Симонов кәріз құдықтарының қақпаларының ұрлануын варварлық екенін айтып, бұл проблеманың 2000-жылдардың басында қалай шешілгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада жыл басынан бері 15 адам кәріз құдығына түсіп кеткен. Мәжіліс депутаты Сергей Симонов кәріз құдықтарының қақпаларының ұрлануын варварлық екенін айтып, бұл проблеманың 2000-жылдардың басында қалай шешілгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2000-жылдардың басында кәріз құдықтарының қақпалары, телекоммуникациялық сымдар, су құбырлары жаппай ұрланатын. Сол кезде үкіметтегілер түрлі-түсті және қара металдарды өткізуді заң деңгейінде реттей алатын шаралар қабылдады. Нәтижесінде ондай жағдайлар бірлі жарым болды. Алайда 20 жыл өткен соң мұндай ұрлықтар қайта жасала бастады, салдарынан қайғылы жағдайлар болып жатыр", - деді депутат премьер-министрге қойған сауалында.

"Астанада 2018 жылы қақпасыз жатқан люктер жайлы 2 800 өтініш келіп түскен. 21 адам құдыққа түсіп кеткен, 1 адам қаза болды. Ал 2019 жылдың екі айының өзінде 500 шағым түсті, 15 адам құлап кетті және нәтижесінде бір адам қаза болды", - деді Симонов.

Оның айтуынша, металл қабылдау және өткізу орындарының қызметі реттелмеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети