06 сәуір 2015 19:52

Астанада жыл басынан бері 20 бала үйлерінен қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Турар Казангапов @Турар Казангапов

Астана қаласында жыл басынан бері 20 бала үйлерінен қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қаласында жыл басынан бері 20 бала үйлерінен қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жиырмадан аса баланың үйлерінен кетіп қалу жағдайларын тіркеген", - делінген ІІД баспасөз хабарламасында. Қуанышқа орай, қашып кеткен балалардың барлығы үйлеріне аман-есен оралған.

Баспасөзде Астана қаласында бүгін болған оқиға мысалға келтірілді. "6 сәуірде Астана қаласы Ішкі істер департаментіне қызының жоғалып кеткенін айтып, бір әйел арыз жазды. Оның айтуынша, 16 жастағы 9-сынып оқушысы кешке белгісіз бағытта үйден шығып кеткен", - деді ІІД қызметкерлері.

Белгілі болғандай, қызды іздеуге департаменттен арнайы жасақ бөлініпті. Бірнеше сағат іздеуден кейін оқушы қыз табылған. Қазір ол үйінде. Қыздың үйінен қашып кету себебі анықталып жатыр.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің басшысы Азамат Садықовтың айтуынша, көп жағдайда балалар үйлерінен жақындарымен тіл табыса алмағандықтан кетіп қалып жатады.

Астана қаласы ІІД балаларды іздеуге көп күш пен құрал керек екенін атап өтті. Сол себепті Астана қалалық ІІД кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімше басшылығы ата-аналарға балаларының өміріне көп көңіл бөліп, олардың ортасы туралы хабардар болып жүруге шақырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети