Астанада жыл соңына дейін жаңа автобустар пайда болады, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Автобустардың алғашқы партиясы 190 көліктен тұрады. 2015 жылдың бірінші жартысында Астанаға дизель отынымен жүретін, IVEKO BUS француз компаниясының 168 автобусы жеткізіледі.

"Жаңа автобустар жолаушылар тасымалының сапасын, сонымен қатар Астананың экологиялық ауасын жақсартады. Бұл Астананың қысына бейімделген, қызмет көрсету тетіктері толықтай қамтылған жаңа буынның автобустары" - дейді Астана қалалық әкімшілігіндегілер.
Биыл жыл басында "Астана қаласының жаңа көлік жүйесі" жобасын жүзеге асыруда және көліктерді жаңарту жұмыстары аясында IVECO зауытымен автобус тасымалы бойынша келісімшартқа қол қойылған. Бұл автобустардың бір ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандусы бар. Сол секілді бейнебақылау жүйесі, жолаушыларды санау жүйесі, WI-FI, жолаушыларды ақпараттандыру жүйесі, валидатор сынды құрал-жабдықпен жабдықталған.
Көктемде Мемлекет басшысы Астана тұрғындарын жеке көліктерін мінбей, оның орнына автобус пен велосипедті пайдалануға шақырған. Елбасы бұл ұсынысын көліктердің қарасы көбейгендіктен қалада көлік кептелісі көп болатындығымен түсіндірген. "Сонымен қатар қала "түтінге бөгеді" - деді Президент.
Еске сала кетелік, биыл 31 тамызда Астана автобустарында билет құны 90 теңгеге қымбаттаған. Шенеуніктер алдындағы баға - 60 теңге осы саланы ұстау мен дамыту шығындарын жаппайды деп мәлімдеген.