Қазақстан қалаларында ауа райының жылынуына байланысты жылу беру өшіріле бастады. Астанада жылыту маусымы қашан аяқталатынын елорда әкімдігі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметі елордада жылу беруді тоқтату қандай жағдайда жүзеге асатынын айтты.
"Сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы бес күн қатарынан +10 градус Цельсий және одан жоғары болған жағдайда Астана әкімдігімен жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданады", – делінген бізге жолданған жауапта.
Tengrinews.kz редакциясы ресми сұрау жолдаған "Қазгидромет" болжамына сүйенсек, мұндай шешімді елордалық әкімдік апта аяғында қабылдауы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!