Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске уақытша жабылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске уақытша жабылды Фото: pixabay

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.


Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

"Орташа жөндеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тасжолынан Сарайшық көшесіне дейін жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты биыл 31 мамырдан 4 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жол-құрылысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды және қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.63  course up  587.97  course up  6.51  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети