Астанада қалдықтарды жинау мен шығарудың жаңа тарифі бекітілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астананың мәслихат депутаттары елордада қоқыс жинау және шығару тарифін бекітті. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан осал санаттарға жеңілдіктер сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астананың мәслихат депутаттары елордада қоқыс жинау және шығару тарифін бекітті. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан осал санаттарға жеңілдіктер сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Даулет Досқұлов мәслихат отырысында елордада соңғы бес жылда тариф өзгермегенін атап өтті.

"Қазіргі тариф – адам басына айына 390 теңге. 2019 жылдан бері бұл баға өзгерген жоқ. Ал Алматыда тариф қазір 718 теңге болып тұр. Еліміздегі халқы шамамен 300 мың адам болатын 6 қалада тариф 400-500 теңгеге дейін өскен. Тиісті шаралар қабылданбаса, жағдай ушығады. 2024 жылдың жазында елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығармау салдарынан әлеуметтік шиеленіс болды. Бұған халық санының өсуі, қоқыс көлемінің артуы және қызмет көрсетуге кететін шығындардың ұлғаюы себеп болды. Осындай мәселелерді болдырмау үшін 2023 жылы қала аудандары бойынша үш қоқыс шығару компаниясы белгіленді: Алматы - Сарайшық ауданында – Zero Waste, Есіл - Нұра ауданында – "Тазажыр-Капитал", – деді Доскұлов.

Басқарма басшысы тарифтің кіріс (резиденттердің көрсеткен қызметтері үшін төлейтін төлемдері), кәсіпорындардың кірістілігі мен шығыстары негізінде қалыптасатынын түсіндірді.

"Бұған дейін берілген ескертулер мен ұсыныстардың барлығын ескере отырып, тарифті: жақсартылған сектордың бір тұрғынына 637 теңге және абаттандырылмаған сектордың бір тұрғынына 679 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылады.

Тек елордада қолданыстағы тарифтер шеңберінде азаматтардың санатына байланысты 25-тен 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жаңа редакцияда мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен көп балалы отбасыларды жеңілдіктермен қамту ұсынылады", - дейді Дәулет Досқұлов.

Оның айтуынша, жоба "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылаудан өтті, қажетті құқықтық қорытындылар алынды, заң талаптарына қайшы келмейді және мәслихат депутаттары мен сарапшылардың қатысуымен қарастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer