Астанада қалың қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қалың қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты Фото. Астана әкімдігі

Астанада толассыз қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада толассыз қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімдігі мәліметінше, қардың мол болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады.

"1300-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.

Ең алдымен, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады", - делінген хабарламада.

Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылған, бұл 4595 жүк рейсі болады.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Астанада 11 қарашада көшпелі бұлт, кейде қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети