Астанада қанша балабақша жетіспейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қанша балабақша жетіспейді? Фото: depositphotos.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі балабақшалардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі балабақшалардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде 950 мыңнан аса бала қамтылған 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым бар.

"Былтыр 66 мыңнан аса орынға 613 балабақша ашылды, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 91,5 пайызға дейін өсті. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға дейін арттыру жоспарланып жатыр. Астанада әлі де балабақшалар жетіспейді. Бүгінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 81 пайыз", - деді Бейсембаев елордада өткен педагогтер форумында.

Ал мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға кезекте тұрған балалар саны - 57 283 адам.

"2025 жылға дейін бұл мәселені шешу үшін 10 балабақша ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 97 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Оның 11 712-сі астананың балабақшаларында", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети