19 мамыр 2017 | 18:01

Астанада қарсы бағытта жүрген ала құйын жүргізуші іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астана полицейлері озып өту үшін жолдың қарсы бағытымен жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ала құйын жүргізушінің автомобиль салонынан түсірілген видеоны Tengrinews.kz жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Астана полицейлері озып өту үшін жолдың қарсы бағытымен жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ала құйын жүргізушінің автомобиль салонынан түсірілген видеоны Tengrinews.kz жариялады.

"Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметі іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камералары қаралып жатыр. Бұл көліктің кімге тиесілі екені - уақыттың еншісінде", - деді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Таяуда Қазнетте видео пайда болды, онда астаналық жүргізуші Шалқыма көшесінің бойында келе жатып жолдың қарсы бағытына бірнеше рет шыққаны түсірілген. Болжаммен жүргізуші бағдаршамның түсі рұқсат бермесе де солға қарай бұрылған. Видеоны автомобиль салонында отырған жолаушылардың бірі түсірген. Видеода мынадай сөздер айтылған: "артымызда ГАИ қызметкері", "ұстай алмады". Бұл оқиғаны қай уақытта болғаны белгісіз.  

Ескерту! Видеожда былапыт сөздер айтылады!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети