Астанада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді

Елордада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үшемнің ата-анасы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс білдіреді.

Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы - тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр, балаларға есімдерін атасы қойған.

Үшемдер әрқайсысы шамамен 1000 гр салмақпен мерзімінен бұрын дүниеге келген. Олар бөлімше меңгерушісі Ирина Цубенко бастаған дәрігерлер назарында жаңа туған нәрестелер патологиясын күту бөлімінде болды.

"Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы!" - деді үшемнің анасы Марал Соппек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети