Астанада қай көшелер жабық: тізім

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қай көшелер жабық: тізім Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Елордада жол жұмыстары жалғасып жатыр. Бірқатар көше толық немесе ішінара жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада жол жұмыстары жалғасып жатыр. Бірқатар көше толық немесе ішінара жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығымен жабылған көшелер:

  • 20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);
  • 9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;
  • 29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);
  • 3-18 маусым аралығында – Бұрабай көшесі Хантау көшесінен Ш. Құдайбердыұлы даңғылына дейін;
  • 26 мамырдан 10 маусым аралығында – Солтүстік айналма жолы 191 көшесінен Өндіріс көшесіне дейін;

Ішінара жабылған көшелер:

  • 11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);
  • 30 мамыр - 8 маусым аралығында – Тұран даңғылы Сарайшық көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қаладан әуежайға қарай бір бағытта ұйымдастырылған);
  • 1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети