Астанада қайтарылған активтер есебінен стадион салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл ретте елордада қайтарылған активтер есебінен Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа заманауи стадионның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл әлеуметтік нысанды 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.
"Құрылыс аяқталғаннан кейін стадион аумағында футболды дамытуға басымдық беретін мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі орналастырылады. Мектеп 8 бен 18 жас аралығындағы 750 балаға есептелген", - делінген хабарламада.
Жас спортшыларға жаттығу және жарыс процесіне қажетті барлық жағдайлар жасалады:
- жасанды жабыны бар заманауи футбол алаңы,
- киім ауыстыратын бөлмелер,
- жаттықтырушылар бөлмесі,
- медицина кабинеті және көрермендерге арналған трибуналар қарастырылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!