Астанада Қазақстан пікірсайысшыларының Құрылтайы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қазақстан пікірсайысшыларының Құрылтайы өтті

Астанада Қазақстан пікірсайысшыларының дәстүрлі Құрылтайы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қазақстан пікірсайысшыларының дәстүрлі Құрылтайы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 желтоқсанда Астанада Қазақстан мектептік пікірсайыс қозғалысының қорытындысын шығаратын дәстүрлі Құрылтай өтті. Форумды екінші жыл қатарынан "OzgerTeam" қоғамдық қоры, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, "Орта" жеке қоры және Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Биылғы Құрылтайда қатысушылар елдегі пікірсайыс клубтарының дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді талқылап, оларды жою бойынша ұсыныстарды біріккен құжатқа енгізді. Бұл құжат алдағы жұмыс кезінде қолданылу үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жолданатын болады.

Сонымен қатар, форумда Қазақстан мектептеріндегі пікірсайыс қозғалысын дамыту туралы Манифест қабылданды. Бұл құжат пікірсайыс технологияларының жастарды жан-жақты дамыту, азаматтық белсенділік пен тәрбиелік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін айқындады. Манифест барлық мектептер мен колледждерге жіберілмек.

Құрылтай барысында қозғалыстың тарихы және маңызы да айтылды. "OzgerTeam" қорының негізін қалаушы Мұрат Жұманбай елімізде пікірсайыстың тарала бастағанына келер жылы 30 жыл толатынын атап өтті.

"Мен пікірсайыс технологияларының әлеуетін мемлекет басшысы ерекше көңіл бөлетін адам капиталды дамытуда одан әрі кеңінен ашуға болады деп сенемін. Пікірсайыс клубы -пікірсайыс қозғалысының негізгі элементі ретінде әрбір мектепте жастардың кәсіби және икемді дағдыларды меңгеруіне ғана емес, адалдық, әділдік, еңбекқорлық сияқты құндылықтарға бейілділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері және саяси партиялардан қонақтар қатысты. Мәжіліс комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов сөз сөйлеп, жасанды интеллект және білім беру саласындағы жаңа үрдістердің жастарға әсеріне тоқталды.

"Жасанды интеллект - тек құрал. Оны тиімді пайдалану адамның даму деңгейіне тікелей байланысты. Ал пікірсайыс жастарды жан-жақты дамытып, көптеген білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан пікірсайысты таңдау - дұрыс жолды таңдау", - деп түйіндеді ол.

Биыл "Пікірсайыс жанашыры" марапаты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ауыл" партиясының мүшесі, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің құрылтайшысы Ерболат Саурықовқа және Respublica партиясы орталық аппаратының басшысы Жанат Ысқақовқа табысталды. Бұл тұлғалар OzgerTeam қорының пікірсайыс қозғалысын жетілдірудегі саяси институттармен жемісті ынтымақтастығына маңызды үлес қосты.

Мәселен, Respublica партиясының қолдауымен екі жыл қатарынан барлық өңірде іріктеу турнирлерімен бірге 3 мыңнан аса оқушыны қамтыған JasRepublic CUP ұлттық пікірсайыс турнирі өткізілді. Ал "Ауыл" партиясымен бірлесіп, биыл алғаш рет AUYL CUP ұлттық турнирі ұйымдастырылып, оның іріктеу және финалдық кезеңдеріне 1 200-ден аса ауыл мектебінің оқушылары қатысты.

Сонымен қатар, форумда жетекші педагогтар мен пікірсайыс қозғалысын дамытуға үлес қосқан үйлестірушілер марапатталды. "Пікірсайыс көшбасшысы" номинациясы бойынша бірнеше маман арнайы марапатқа ие болды.

Құрылтай аясында "Таза Қазақстан" бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған республикалық "Tazalyq – Sanadan" байқауының да жеңімпаздары анықталды.

Ұлттық байқауға 110-дан астам пікірсайыс клубы қатысып, 3 мыңнан астам жас пікірсайысшы белсенділік көрсетті. Байқауда үздік атанған Балқаш қаласындағы Политехникалық колледждің "Жұлдыз" клубы 500 мың теңге көлеміндегі басты жүлдені жеңіп алды.

Форум соңында делегаттар үшін ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети