24 қазан 2016 | 14:01

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында форум өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылдың 25 қазанында сағат 10.00-де Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында "Қазақстандағы Желтоқсан (1986) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі конференцияның ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың 25 қазанында сағат 10.00-де Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында "Қазақстандағы Желтоқсан (1986) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі конференцияның ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

1986 жылдың 17-19 желтоқсанында алғаш Алматыда, содан кейін Қазақстанның басқа да аймақтарында КОКП ОК басшылығының ұлттық саясатына қарсы жаппай саяси шаралар өткені өздеріңізге мәлім. Егер бұл көтеріліс бұрынғы КСРО-ның саяси басшылығы үшін сын-қатер және бомба болса, Ресейдің демократиялық және прогрессивтік қоғамы үшін, әсіресе ұлттық республикалар үшін Кеңес империясының диктатурасы мен тоталитаризміне қарсы жаппай халық наразылығының айқын үлгісі еді. Ол соғыстан кейінгі кезеңде қалыптасқан қиялды жойды және идеологияландырылған ғылымның Кеңес Одағында ұлттық мәселе толық және түпкілікті шешілген деген таптаурын қағидатын теріске шығарды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы бұл жаппай саяси наразылық Будапешт (1956) пен Прага көктеміндегі (1968) көтерілістердің жалғасы және кеңестік империя өмірінің соңғы жарты ғасырындағы ұлт-азаттық көтерілістің біріншісі болғаны айтылады. Республиканың барлық өңірінде алуан түрде және көлемде көрінген халықтың осы наразылық қарсылығы кеңестік жүйе жағдайында халқымыздың бостандық пен тәуелсіздікке деген біртұтас ерік-жігерін білдірді. Бұл Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігініңізашары болды. Жаппай патриотизм мен қаһармандық Қазақстан тәуелсіздігі қарсыластарының белсенді қимылдарын және империяны аңсаушы күшті тоқтатты.
Көтерілісшілер адамдардың құлдыққа түскен санасын оятып, халқымыздың тоталитарлық коммунистік идеологиямен жаншылған патриоттық рухын шыңдап, кеңестік империяның тұяқсерпер қызу оқиғаларының алдында біріктірді.

Конференцияның ұйымдастыру комитетіндегілердің айтуынша, бұл оқиғаның тағы бір ерекшелігі - қазақ ұлты және Қазақстанның көпұлтты халқының саяси құндылықтар мен мүдделері, тарихи тағдыры мен болашағы бір екенін мойындатты, сондай-ақ тұрақтылық пен татулыққа жауапкершілік қазақстандықтардың өз мойнында екенін түсінуге ықпал етті. Қазақстан халқы алғашқы болып КОКП-ның ұлт саясатының жалғандығын түсінді, одақтас республикалардың құқықтары мен ұлттық шекаралардың мүдделері, ұлттық құқықтардың жүйелі шектелуі, олардың КСРО Конституция мен кеңестік федерация негізінде бекітілген мемлекеттік егемендігінен нақты айрылғандығы туралы шындықты бүкіл әлемге мәлімдеді.

Бұл көтеріліс - халқымыздың бостандық пен тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресіндегі бетбұрыс оқиға. Мұнда қазақ халқының еркіндік сүйгіштігі мен патриоттық рухының қаншалықты жоғары екенді көрінді. Ол қазақ ұлтының шешуші сәтте Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күреске жұмылуға дайын екендігін тағы бір дәлелдеді. Бұдан кейін бұрынғы Кеңес Одағының Баку, Вильнюс, Тбилиси, Мәскеу және өзге аймақтарында да бас көтерулер болды.

Алматыдағы көтерілісті аяусыз басу үшін шеруге шығушыларға қарсы Кеңес Одағы МҚК, ІІМ органдарының барлық жазалаушы күштері, Арнайы мақсаттағы милиция жасақтары ұшақтармен басқа республикалардан шұғыл жеткізілген. Ұрғы таяқпен, сапер күректерімен қаруланған арнайы әскери курсанттар мен солдаттар, сондай-ақ көтерілісшілерді ұрып-соғып, қамауға көмектесу үшін қала зауыттарында арнайы дайындалған темір шыбықтармен, кесілген арматуралармен қаруланған «қырағылар» аталатын (15 мыңнан астам) жасақтар әкелінді. Осылайша сол кездегі билік қаланың қарапайым халқын көтерілісшілерге қарсы қойды. Көтерілісшілер де жаппай ұрып-соғу мен қамауға қарсы жауап ретінде қолдарына түскен заттармен  -тас-кесекпен, қоршаулармен, «қырағылардан» тартып алынған темір шыбықтармен қарулана бастады. Нәтижесіндеекі жақтан ондаған мың адам әр алуан жарақат алып, зардап шекті. Жаппай тұтқындау мен қамауға, 20 градус аязда шашқан мұздай суға, арнайы қызметтердің арандатушылығына, бронетранспортер күшіне, абалаған иттерге қарамастан көтерілісшілер бірнеше күн бойы төзімділік пен ерлік танытып, саяси ұсыныстарының қанағаттандырылуын талап етіп, күресті жалғастырды.

Халық арасында олардың рухы мен қаһармандығы туралы аңыз осы күнге дейін айтылады.
Көтерілісті басу мен оқшаулау барысындағы ауқымды қуғын-сүргінде бүкіл Қазақстан бойынша ондаған мың қатысушылар тұтқындалып, қамауға алынды. Алматыдан тыс жерлерге әкетілді, жастар қаза тапты, екі қатысушысы ең жоғарғы жазаға кесілді, жүзден астамы сот үкімімен, мыңдаған адам әкімшілік тәртіппен сотталды (одан да көп адам санкциясыз және сот шешімінсіз апталар бойы қамауда ұстау орындарында болды), бірнеше мыңдағаны ЖОО мен техникумдардан шығарылды, жұмыстан босатылды, тұрғылықты жерлерінен қуылды және т.б. Тек Кеңес Одағының ішіндегі демократиялық күштер мен халықаралық қоғамдастықтың қысымымен ғана КОКП ОК басшылығы қуғын-сүргін мен жазалау шараларының күшін азайтуға және қарқынын төмендетуге мәжбүр болды.

Конференцияның мақсаты және негізгі бағыттары: патриоттық көтерілістің шынайы мәні мен жаппай ерлікті жоғары ғылыми-теориялық деңгейде ашу, Желтоқсан-86 феноменінің тарихи және халықаралық маңызын бағалау, оның Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрестегі рөлі мен орнын анықтау, сондай-ақ осы оқиғалармен байланысты басқа да маңызды мәселелерді халықаралық ғылыми және саяси стандарттар негізінде талқылау.

Парламент депутаттары, әртүрлі ұлт өкілдері ел басшылығына осы көтерілістің мерейтойларына байланысты ғылыми форумдар өткізудің қажеттілігі туралы бірнеше рет (2006, 2011, 2016 жылдары) ұсыныс жасағаны белгілі.
Конференция жұмысына Қазақстанның көрнекті ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, бірқатар шет мемлекет (Ресей, Голландия, Германия, Қырғызстан, Молдавия және т.б.) ғалымдары, сонымен қатар Желтоқсан көтерілісіне тікелей қатысушылар қатысады.

Конференция аясында елорданың "Жастар" шағын ауданындағы мұсылмандар зиратындағы тәуелсіздік жолында құрбан болған Кенесары ханның 255 батыры мен көрнекті алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының (1900-1933) рухына Құран бағышталып, гүл шоқтарын қою көзделіп отыр. Сондай-ақ мұрағат, кітап, сурет көрмесі қойылып, деректі фильм көрсетіледі..

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети