Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ҚазТАГ редакциясы қызметкерлеріне қатысты соталды тергеу жеке компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған. Арызда олардың "іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірген, көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет тарату" туралы айтылған.
Ведомство тергеу әрекеттері Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сай кезең-кезеңімен жүргізілгенін атап өтті.
"Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеу сатысын және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, биыл 23 желтоқсанда ҚазТАГ бас редакторы ұсталып, Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп түсіндірді полиция.
Полиция өкілдері тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық-процестік кодексі талаптарына қатаң сәйкес жүргізіліп жатқанын, өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Қылмыстық кодекске сәйкес, бұл бап бойынша жаза ретінде 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандығын шектеу не айыру қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!