06 қыркүйек 2016 | 21:52

Астанада кептеліс үшін шенеуніктер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Асель Серікова © Асель Серікова

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев Қабанбай батыр даңғылын қайта жөндеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Қазіргі кезде бұл жағдай елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайсыздықтар келтіріп отыр. Кеңес қорытындысы бойынша автомобиль жолдары, көлік басқармалары, ІІД мен қалалық кәсіпорындардың арасындағы үйлестірілмеген жұмыс үшін Астана әкімдігінің кейбір лауазымды тұлғалары тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Осы салаға жетекшілік ететін қала басшысының орынбасары Қосман Айтмұхаметовқа ескерту жасалды.

Әкім Автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұловты қызметінен босатуды; "Астана Теплотранзит" АҚ басшысы Василий Курисько мен "Астана су арнасы" МКК басшысы Уәлихан Досаевқа қатаң сөгіс жариялауды; Сонымен қатар, "Aстана LRT" ЖШС басшысы Талғат Арданға сөгіс жариялауды тапсырды.

© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана қаласының ІІД мен Жергілікті полиция қызметіне жол белгілері мен көрсеткіштерді қоймаудың салдарынан кептелістердің туындауына әкелген жағдай үшін жауапты тұлғаларды анықтап, жазаға тарту тапсырылды.

Елорда әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхаметов барлық қызметтердің жұмысын жұмылдырып, Қабанбай батыр даңғылындағы қозғалысты бұрын жоспарланғандай 5 қазанда емес, 20 қыркүйекке дейін қамтамасыз етуге міндеттенді.

"Сізге барлық өкілдіктер мен ресурстар берілді. Барлық жұмыстарды оқу жылы басталғанша аяқтауға мүмкіндік болды. Енді сіздердің келіспей әрекет етулеріңіздің салдарынан елорда тұрғындары, ата-аналар мен балалар мектептерге, балабақшаларға, ауруханаларға жете алмай отыр", - деді Әсет Исекешев.

Кеңес барысында жол салу жұмыстарын орындаудың жаңа тәсілдері, қоғамдық көлік мәселелері талқыланды. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылмақ. Бұл ретте осы саладағы жүйелі шаралар үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңына дейін әзірленетін Астананы дамытудың өзектендірілген бағдарламасында көрініс табады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети