Астанада киім жинауға арналған жәшіктер пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада киім жинауға арналған жәшіктер пайда болады © mythopoeicrambling.blogspot.com

Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламысын, "Атамекен" бағдарламасы жанындағы "Жомарт жүрек" бағдарламасын іске асыру аясында Астанада киім-кешек жинау үшін арнайы жәшіктер пайда болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Акцияна елордалық әкімдік ұйымдастырып отыр. Акцияның басты мақсаты - өзгенің қиын жағдайына селқос қарамайтын адамдардың қолданыста емес киімдерін көмекке зәру адамдарға үлестіру, киім-кешек жинау. 

Керек емес аяқ киім, киім-кешектер мен кітаптарды кез келген уақытта арнайы орнатылған жәшіктерге салуға болады. 

Қиын жағдайға тап болған не болмаса көмекке зәру адамдарға жәрдемдесу үшін ендігіде өзіне қажет емес заттарды қоқысқа емес, арнайы орнатылған жәшіктерге салып, тапсыруға болады: ол киім-кешек, аяқ киім, спорттық құрылғылар, кітаптар, ойыншықтар мен тұрмыстық теxникалар, сөмке және басқа да аксессуарлар болуы мүмкін, дейді ұйымдастырушылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети