25 қыркүйек 2017 16:05

Астанада клиенттердің құжаттары қоқысқа тасталғаннан кейін Qazkom бөлім басшысы жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада клиенттердің құжаттары қоқысқа тасталғаннан кейін Qazkom бөлім басшысы жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада клиенттердің құжаттары қоқысқа тасталғаннан кейін Qazkom бөлім басшысы жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғыны Тимур Асылханов Facebook желісінде сурет жариялаған. Бұл суреттерде қоқыс контейнерінің маңына тасталған құжаттар болған. Ер адам бұл суретті жариялай отырып, құжаттардың банк клиенттеріне тиесілі екенін айтқан. 

"Бүгін клиенттерінің 2016 жылғы архив құжаттарын жойып жатқандарды көрдім. Құжаттар салынған қорап қоқыс контейнерінің маңына тасталған, ал ол жақта жеке куәліктер мен келісімшарттардың көшірмелері бар. Сұмдық! Клиенттердің жеке мәліметтерін сақтау қайда қалды?! Мұндай құжаттар банк архивінде сақталуы немесе шредер арқылы жойылуы тиіс қой", - деп жазды Тимур Асылханов.

Ер адамның посты Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында жарияланды.

Ал кейін банк өкілдері жағдайды түсіндірді. 

"Казкоммерцбанк" АҚ-ның Астанадағы филиалындағы архив құжаттар жоюға жатады, алайда олар қателіктен қоқыс контейнерінің жанынан табылған - бұл адамдық фактордан болған жалғыз оқиға. Банкте мұндай құжаттар қолжетімсіз және сақтау мен жоюға арналған ережелері бар", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне "Казкоммерцбанк" АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің директоры Лариса Коковинец.

Ол қазіргі уақытта архив құжаттары бар қораптың банкке қайтарылғанын және жоюға берілгенін айтты. Сондай-ақ, банкте қызметтік тексеріс жүріп жатыр екен. 

"Бөлім жетекшісі жұмыстан шығарылды, салақтық танытқан қызметкерлер ҚР заңнамасымен және банктің ішкі ережелерімен жауапқа тартылады. Банк өз клиенттерінен кешірім сұрайды және бұл оқиғадан негатив пікір қалыптастырмауды сұрайды. Банк өз контрагенттерінің құпия мәліметтерін қорғау мен сақтаудың шараларын күшейтеді", - деп хабарлады банк өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети