31 мамыр 2018 | 10:39

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттай ма? Әкімдіктегілер пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігінің өкілдері 1 маусымнан бастап қоғамдық көліктегі жол жүру ақысының қымбаттайтыны жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігінің өкілдері 1 маусымнан бастап қоғамдық көліктегі жол жүру ақысының қымбаттайтыны жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2018 жылдың 1 маусымынан бастап Астанада қоғамдық көліктегі жол жүру ақасы қымбаттайтыны жайлы хабарламалар таралып жатыр.

"Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары! Кеше, 2018 жылғы 30 мамырда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайдаланушылар 2018 жылдың 1 маусымынан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайтыны жөнінде хабарлама тарала бастады. Бұл ақпараттың жалған, шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Ақпарат көзі анықталмаған. Жол жүру тарифтерін өзгерту туралы шешімді қала басшылары қабылдайтын болады. Бұл айтарлықтай уақыт алады. Жаңа тарифтер белгіленген жағдайда, қала тұрғындары мен қонақтары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әрі ресми көздерден хабардар етілетін болады", -деді Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева

Сондай-ақ, ол әзірше жол жүру тарифтері бұрынғыша қалалық бағдарларда - 90 теңге, экспресс бағдарларда - 150 теңге екенін айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети